“БІРІНШІ БОЛЫП ЖӘРДЕМ БЕР” АКЦИЯСЫ ӨТТІ

599

Бүгін «Birgemiz: Saulyq» жалпыұлттық жобасының «Бірінші болып жәрдем бер» акциясы аясында “Авиценна” колледжінің еріктілері Қаратау ауданы “Қайнарбұлақ” саяжайының жалғыз басты қарт кісілеріне алғашқы медициналық көмектер көрсетіп, “Джанин” қайырымдылық қорының демеушілігімен дәрі-дәрмек және азық-түлік себеттері үлестірілді
Акцияның мақсаты: қазыналы қарттарымызды қараусыз қалдырмай, ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру, медициналық волонтерлік бағытын дамыту.
Медицина бағыты бойынша волонтерлікке қосылғыңыз келсе төмендегі нөмерге хабарласуыңызға болады📢
+7 (771) 630-28-24 — Мырзахан Перизат.