ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандары және Аутрич, NEET және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің қызметкерлері мен Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» мамандарымен бірлесе отырып, есірткі жарнамаларының және АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның мақсаты адамның ой түйсіктеріне кері әсер ететін, есірткі заттарын насихаттаудың және жарнамалаудың алдын алу. Сонымен қатар АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, уақытылы АИТВ/ЖИТС-дан тексеруден өту.
Аталған түсіндіру жұмыстары «Индустриалды техникалық колледжі» студенттерінің қатысуымен өткізілді.
Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасын табатын болады.