Жақсы нәтижелер еселене түсуде

1269
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өткен жылы Қазақстан халқына арнаған алғашқы Жолдауының үшінші бөлімі тұтастай экономика саласына арналған. Экономикалық даму, экономикалық тәуелсіздік – ел тәуелсіздігі тіреуіштерінің бірі.
Әр елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарап оның қалай дамып жатқаны жөнінде баға беруге болады. Сол сияқты Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық жағдайы да еліміз Тәулсіздік алғаннан бергі кезеңдегі өркендеу үдерісіне сәйкес жылдан жылға жақсарып келе жатқанын көріп отырмыз.
Осы өркендеу қарқыны жайлы Оңтүстік облысынан бөлініп шығып, дербес мегаполис қалаға айналған 2018 жылғы маусым айынан бергі кезең мен өткен жыл қорытындыларымен қоса салыстырмалы түрде әңгімелеп беру үшін Шымкент қаласы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Рахымберді Жанысбекұлы Мүлкемановты әңгімеге тартқан едік.
– Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын өркендетуге географиялық қолайлы орналасуының арқасында, сондай-ақ бәсекеге қабілетті салаларда қатаң жоспарлар жасап, оның орындалуын жүзеге асыру нәтижесінде былтыр өнеркәсіп өнімінің көлемі 562,3 млрд. теңгені құрап, арғы жылмен салыстырғанда 15 пайызға артты.
Өнеркәсіп саласында үлесі 85,7 пайызды құрайтын өңдеу өнеркәсібінде 481,8 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 13,9 пайыз құрады. 2018 жылмен салыстырғанда 2019 жылы өңдеу өнеркәсібіндегі бірқатар салаларда өсім байқалды. Атап айтқанда, мұнай өнімдерінің өндірісі 20,6%-ға, сусындар — 26,8%-ға, тоқыма — 17,9%-ға, химия өнеркәсібі 36,5%-ға, металлургия өнеркәсібі 26,5%-ға, өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіру 3,5%-ға өскен.
Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында 2019 жылы құны 26,1 млрд. теңгені құрайтын, 375 жаңа жұмыс орнымен 8 жоба іске қосылды.
– Осы орайда қала аумағындағы екі индустриалды аймақ және «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының жұмысына қысқаша тоқтап өтсеңіз?
– Жалпы аумағы 200 гектарды алып жатқан «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақта құны 29,6 млрд. теңгені құрайтын, 1610 жұмыс орындармен 15 жоба жүзеге асырылған. Оның ішінде былтыр 1,3 млрд.теңгеге 80 жаңа жұмыс орнын құрайтын 3 жоба іске қосылды.
Аймақта 2010-2019 жылдары 57,6 млрд.теңгеге өнім өндіріліп, 40,2 млрд.теңгеге өнім экспортталды.
Жалпы аймақ құрылғалы мемлекеттік бюджетке 4,0 млрд.теңге салық төленді.
Ал енді екі индустриалды аймақ туралы айтар болсақ, «Оңтүстік – 337 гектар және «Тассай» — 89 гектар аумақта жұмыс жасайды.
Бұл индустриалды аймақтарда 2010-2021 жылдар аралығында 110,8 млрд. теңгеге 121 жобаны жүзеге асырып, 6,5 мыңға жуық жұмыс орнын ашу жоспарланған.
Өткен 2010-2019 жылдар кезеңінде бұл аймақтарда 72 жоба іске асырылып, 63,8 млрд. теңге инвестиция тартылған және 4 мыңға жуық жұмыс орны ашылды.
Жалпы индустриалды аймақтар құрылғалы бері бюджетке 13,4 млрд. теңге салық түсімі түскен. Оның ішінде, 2019 жылы «Оңтүстік» индустриалды аймағы қатысушыларынан 3,3 млрд. теңге, ал «Тассай» индустриалды аймағы қатысушыларынан 648,1 млн. теңге салық түсті.
«Оңтүстік» индустриалды аймағында 2019 жылы құны 974 млн. теңгеге 3 жоба іске қосылып, 20 жұмыс орны ашылды. «Тассай» индустриалды аймағында 23,1 млрд. теңгені құрайтын, 312 жаңа жұмыс орнын құрайтын 6 жоба іске қосылды.
Сонымен бірге қаладағы кәсіпкерлік саласының жұмысын айтар болсам, жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 69,4 мың бірлікті құрап, 19,6%-ға артты. «Бизнестің жол картасы — 2020» бизнесі қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 2019 жылдың қорытындысымен 2 557,5 млн. теңгеге 245 жобаға қолдау көрсетілді.
Сауда саласында да ілгерілеушілік бар.өткен жыл қорытындысында бөлшек тауар айналымының көлемі 381,6 млрд. теңгені құрап, 2018 жылмен салыстырғанда 7,1% артты.
– Жер – бағзы заманнан бері, қазақ деген халық жаратылғалы оның қанымен, жанымен, рухымен суарылған құндылық. Мұны түсінген Мемлекет басшысы, өз Жолдауында ең алдымен жер ресурстарын рәсуа етпей, халықтың игілігіне пайдалануды қолдайтынын да сөз етті. Енді қалада ауыл шаруашылығы саласын қаржылай қолдау мен оның нәтижелері туралы айтып берсеңіз?
– Ауылшаруашылық өнімінің көлемі былтыр 29,5 млрд. теңгені құрап, 2018 жылмен салыстырғанда 6,3 пайызға артты. Оның ішінде, мал шаруашылығы — 19,4 млрд. теңге, егін шаруашылығы — 9,4 млрд. теңгені құрады.
Мал шаруашылығында ет өнімінің көлемі 24,6%-ға, сүт — 1,3%-ға артты. «Сыбаға» бағдарламасымен 224,0 бас ірі қара, «Алтын асық» бағдарламасымен 520 бас ұсақ мал алынды. Сонымен қатар, 40 мал бордақылау алаңы, 34 жанұялық сүт фермасы, 1 құс фермасы жаңадан ашылды.
2019 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының көлемі арғы жылға қарағанда 1,0 мың гектарға артып, 26,8 мың гектар құрады және 78,7 мың тонна егіншілік өнімі жиналды.Озық технологияны қолдану мақсатында жаңадан 13,9 гектарға жылыжай салынып, жалпы көлемі 183,5 ггектарға жетті.
– Қалада инвестиция төңірегіндегі жасалынып жатқан жақсы істерді жұрт біледі. Осы орайда мегаполис қалаға шет жақтан тартылған инвестиция көлемі мен кәсіби байланысқа түскен мемлекеттер саны жайлы айтып берсеңіз?
– 2019 жылдың қорытындысымен қалаға 194,5 млрд. теңге инвестиция тартылды. Қалада Польшалық «Polpharmagroup», Оңтүстік Кореялық «LОТТЕ», неміс «Heidelberg Cement Group» компаниясы, қытайлық «SinYuanSteel», түркиялық «Картал Хали» және басқа да ірі шетелдік компаниялар белсенді жұмыс істеуде.
Қала аумағында шетелдік инвесторлардың қатысуымен 2,5 млрд. АҚШ долларын құрайтын 15 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.
Сондай-ақ, қала әкімдігі 40-тан астам шетелдік инвесторлармен кездесулер өткізіп, нәтижесінде Ресейлік, Сингапурлық, Қытайлық және Нидерланды елдерінен келген инвесторлармен келісімге келді. Сонымен қатар, Өзбек инвесторларының қатысуымен есепті жылдың 5 желтоқсанында қаламызда бірнеше жылдан бері тоқтап тұрған «Альянс» ЖШС (бұрынғы «Ютекс» АҚ) жіп иіру фабрикасы іске қосылды. Бұның бәрі де қаламыздың қайта құрылып жатқан кезеңіндегі зқол жетіп отырған үлкен табыс болып саналады
– Бүкіл еліміздегідей біздің қалада да халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, құрылыс жұмыстарының қарқынын арттыру, білім, денсаулық сақтау саласын дамытуға жылдан жылға ерекше назар аударылып келе жатқаны қуантады. Осы бағыттағы атқарылып жатқан шараларға тоқтап өтсеңіз?
– Иә, оныңыз рас, Қалада 2019 жылы мемлекеттік бюджет есебінен жалпы 40,3 млрд. теңгеге 113 нысанның құрылысы жүргізіліп, жұмыс көлемі 87,1 млрд. теңгені құрады. Өткен жылдың қорытындысымен 2836 пәтер құрайтын 53 тұрғын үй пайдалануға берілді.Жалпы пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 523,7 мың шаршы метрді құрап, арғы жылмен салыстырғанда 19,2 пайызға артты. Көпбалалы отбасылар 450 пәтермен және жұмыс істейтін 904 жас арендалық пәтермен қамтылды.
2019 жылы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында 41 465 азамат әлеуметтік қолдау
шараларымен қамтылды. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 12 124 адамға артық.
Білім саласы бойынша Шымкент қаласында апатты жағдайдағы мектептер мәселесі толығымен шешілген. Өткен жылдың басында үш ауысымды мектептің саны 19 болатын.Былтыр бюджеттен 13 мектептің құрылысын жүргізу үшін 6,5 млрд.теңге қаржы бөлініп , 4200 орынға арналған 5 жаңа мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Нәтижесінде, үш ауысымды 3 мектептің мәселесі шешілді.
Қазіргі таңда, үш ауысымды мектептер мәселесін шешу мақсатында Шымкент қаласының орта білім беру саласында жан басына қаржыландыру жүйесін ендіру арқылы жекеменшік мектептер желісін арттыру және бюджет есебінен мектеп құрылысын салу жұмыстары атқарылуда.
Сонымен қатар, қаладағы жатақхана орнының қажеттілігін жою мақсатында 2018 жылы жеке кәсіпкерлер мен «Қаржы орталығы» АҚ арасында 350 және 241 орындық жатақхана құрылысын салуға келісім-шарттар түзіліп, 2019 жылы осы жатақаналардың құрылысы аяқталып, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетіне пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан медициналық академисының студенттеріне арналған 250 орындық жатақхана реконструкциядан өткізіліп, іске қосылды.
Өткен жылы денсаулық сақтау саласы бойынша да көңіл қуантарлық игі істер аз болған жоқ.№2-ші қалалық аурухана (фосфоршылар), қалалық перзентхана ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстары өткен жылы басталып, биылғы жылы аяқталатын болады.
Жедел жердем қызметінің сапасын жақсарту үшін тозығы жеткен автокөлік паркіне мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы 100 жаңа арнайы автокөлік берілді. Ол жерде бірынғай «Колл-центрді» іске қосу жоспарлануда, қызмет сапасы және бригаданың қысқа мерзімде жетуіне ықпал етеді.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 2 ірі жоба іске асырылды.Атап айтқанда «Медикер» заманауи медициналық орталығы ашылды. Бұл, қаладағы екі мемлекеттік емханалардағы жүктемені 20-30 мың адамға жеңілдетеді.
Қайтпас-1 шағынауданында 500 орындық емхана құрылысы аяқталуға жақын. Медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жарақтандыру көрсеткіші — 77,1% құрайды, бұл көрсеткіш респулика бойынша 70,2% құрайды.
Жоғарыда тілге тиек еткен жетістіктеріміздің бәрі де қала жұртшылығының айрандай ұйыған бірлігін, ортақ мақсат жолында бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара ұйымшылдықпен еңбек етіп жатқанын көрсетеді.
Елбасы Жолдауында белгіленгенміндеттер мен тапсырмаларын дер кезінде әрі сапалы орындауға барлық күш-жігерімізді салу үстіндеміз және осыған орай жеткен жақсы нәтижелеріміз де еселене тсуде.
— Әңгімеңізге рахмет, биылғы қаржы жылында да табыстан табысқа жете берулеріңізге тілектеспіз!