ЖАСТАРДЫҢ «ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ» ҰЛТТЫҚ ОЙЫНЫНА ДЕГЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫ ЖОҒАРЫ

1638

Мемлекет басшының халыққа арнаған жолдауларында бұқаралық спортты дамытып, жастардың салауатты өмір салтын ұстану шақырып, ұлттық ойындарымызды  дәріптеуде жұмыстар жүргізіліп келеді. Осы бағытта Шырайлы қаламызда  қала жастарының тоғызқұмалақ ұлттық ойынына деген қызығушылығы жоғары. Осы орайда қаламыздағы Қ.Сыпатаев атындағы №7 ІТ мектеп-лицйеінде оқушылардың бұл ойынға деген ықыластары айрықша.

Ұлттық ойынды дәріптеп жүрген ұлағатты ұстаз Жанайдар Жандарбекұлы  Тоғызқұмалақ ойынын жастар арасында кең көлемде насихаттауда өз ойымен бөліскен болатын.  Тоғызқұмалақ — әлемдік мәдениетінің озық үлгерімен бой теңестіре алатын зияткерлік (интеллектуалдық) ойын, логикалық ойлау өнері.

Археолог-ғалымдарының пайымдауынша ойынның пайда болу мерзімі 4000 жыл шамасын қамтиды. Жасөспірім ұрпақтың дене шынықтыру тәрбиесімен қатар, ақыл-ойының дамуына да зор мән берген бабаларымыз осы ойынды ойлап тауып, зерделілік және зияткерлік даму құралы ретінде қолданылған.

Тоғызқұмалақ ойынының мәні – адамға үйлесімді (гармониялық) тәрбие беру, кез-келген жанның ақыл-ойын шыңдау, ми қызметін дамыту және қоғам алдындағы жауапкершілікті арттыру.  Тоғызқұмалақ-бабаларымыздың ұрпағына қалдырған баға жетпес сыйы, рухани құндылығы, аманаты. Бұл ойын ең жетілген спорт түрлерінің бірі ретінде адамзатты жаңа шыңдарға жетелейтін ойы кең, рухы биік, саналы тұлғаларды тәрбиелеудің қуатты құралы бола алады.