Бұқаралық спорт – ұлт денсаулығының кепілі

724

Бұқаралық спортты дамытудың бір бағыты мектеп және оқушылар лигасын өткізу арқылы дамитын мектеп және студенттер спорты. Бұқаралық спорттың бұл бағыты жас ұрпақтың денсаулығын қамтамасыз етіп қана қоймай, суицидтік құбылыстар, нашақорлық және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық сияқты көптеген әлеуметтік мәселелерді шешеді.
Осы мақсатта Шымкент қаласында «Жастар лигасы» спорт ойындары өткізіліп, оған әр шағын аудан мен тұрғын алаптар жастары санатынан 536 команда қатысып, спорттың төрт түрінен сайыстар өткізілді.
Жалпы, биылдың өзінде спорт үйірмелеріне қосымша 4 мыңнан астам баланы қамтып, қалада спорттық қозғалыстардың дамуына мүмкіндіктер қарастырылған.