Тәуелсіз елдің топырағында дүниеге келген өреңдер егемендікпен бірге есейіп, бой түзеуде. Сол жастардың бірі – Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімі ювеналдық полиция бөлімшесінің инспекторы полиция лейтенанты – Усенов Мадияр Серікұлы.
Мадияр Серікұлы 2 сыныптан бастап бокспен айналысқан. Спортты ерекше жаны сүйетін азамат 2013 жылы Шымкент қаласы және Түркістан облысы (ОҚО) бойынша чемпион атанған. Ал 2013-2014 жылдары республикалық чемпионаттың қола жүлде иегері болған. 2014-2015 Өзбекстан және Қырғызстан республикаларында өткен халықаралық турнирде чемпион болған. Сондай-ақ 2015 жылы өткен Жетісу кубогы халықаралық турнирінде үздік үштік сапында болған. Мадияр үшін жетістікке жету спорт саласында ғана емес, қызмет жолында да зор маңызға ие. Әрі атқарып жүрген қызметіндегі әрбір оқиғаның қиындығы мен қызығы – өзіне мол тәжірбие жинақтауға ықпал етуде.
«Құқық қорғау саласында қызмет атқару – мен үшін үлкен абырой. Себебі, ел қауіпсіздігі – Тәуелсіздіктің басты жетістігі. Сол сенімге жауапкершілікпен қарап, Қазақстанды өркендету үшін кішкентай болса да өз үлесімді қоссам деймін. Дегенмен де, биік шың адамға оңайлықпен келмесі анық. Бұл бағытта әрмен қарай да талмай еңбек етуді жалғастырамын»,- дейді полиция лейтенанты.
Білікті маман, қырағы сақшы, спорт чемпионы – міне, бүгінгінің нағыз үлгі тұтар азаматы осындай болса керек-ті. Тәртіп сақшысының қызмет жолында да ел сенімінен шығатындығына еш күмәніміз жоқ. Ендеше, әріпесіміздің әр басқан қадамына сәттілік тілеп, бұдан былай да жеңісті күндерің көп болғай, — дегіміз келеді.