ҚАРАБАСТАУ ТҰРҒЫН АЛАБЫНДА ДЕМЕУШІ ЕСЕБІНЕН СПОРТ АЛАҢШАСЫ САЛЫНУДА

562
Мемлекет басшысының барлық жастағы ел азаматтары арасында бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес
Еңбекші ауданының Қарабастау тұрғын алабында спорт алаңшасы салынуда.
Спорт нысаны «Шымкент қайырымды қала» әлеуметтік қоры арқылы демеушілік есебінен құрылуда.
Аудан әкімі Д.Есілбек Бойыт ата көшесінің бойында салынып жатқан ашық спорт алаңшасының құрылысымен танысты. Жергілікті тұрғындармен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Сондай-ақ алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға тоқталып, жоспарлармен таныстырды.