ШЫҒАРМАШЫЛ ЖАСТАР АРАСЫНДА «АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗДЕРІН» МӘНЕРЛЕП ОҚУДАН ІС-ШАРА ӨТТІ

854
Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» Абай ауданы бөлімі және «Тамақтану индустриясы және сервис колледжінің» ұйымдастыруымен шығармашыл жастар арасында «Абайдың қара сөздерін» оқу тақырыбында І-курс студенттерімен іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты «Адамзаттың Абайы» деп артына аманат етіп
қалдырған ұлы тұлғаны әлем халықтарына ортақ екендігін жастардың бойына сіңіру. Сондай-ақ ұлы ақынның қара сөздеріндегі тәлім-тәрбиелік, адамгершілік қасиеттерді жастар арасында насихаттау.
Аталмыш шара барысында қонақтар арнайы сөз сөйлеп , студент жастарға өз ізгі тілектерін жеткізді.
Кездесу барлық санитарлық эпидемиологиялық талаптарға сай өткізілді.