ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ ӘКІМІ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫ ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІ ӨТТ

1067
Бүгін Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Мыңбаев Рашид Мамытұлының қатысуымен жастарды үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
Кеңесте жастардың өзекті мәселелері бойынша Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорының орынбасары Б.Толықбаев, Тхэкквондодан ҚР бірнеше дүркін чемпионы, Қазақстан кубогының иегері, әлем чемпионатының қола жүлдегері Н.Қуандықов, ҚР психологтар лигасының мүшесі, Нұр-Сұлтан қаласы отбасы демографиясы және әйелдер ісі жөніндегі комиссия мүшесі, кәсіби психологы Л.Қойшиева баяндама жасап, ұсыныстарын білдірді.
Аталмыш кеңеске Шымкент қаласы Әл Фараби ауданы төтенше жағдайлар басқармасы, жастар ұйымдары, мәдениет саласының өкілдері, жас мұғалім, дәрігерлер, жас кәсіпкерлер мен пікірсайысшы жастар, сондай-ақ, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының жастар істері жөніндегі комитет төрағалары, белсенді жастар қатысты.
Кеңес отырысында күн тәртібіндегі мәселелер қаралып, ұсыныс пікірлер қабылданып Кеңестің хаттамплық шешіміне енгізілді.