ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Қаратау мен Әл-Фараби ауданы мамандарының ұйымдастыруымен түнгі сағат 22:00 ден 02:00-ге дейін Қаратау ауданында орналасқан көшелер мен саябақтарда және ойынханаларда кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәмелеттік жасқа толмаған жастардың түнгі сағат 23:00-ден кейін заңды өкілдерінсіз көшеде немесе ойын сауық орталықтарында жүруін анықтау және келеңсіз жағдайлардың алдын алу болып табылады.
Іс-шара нәтижесінде Қазақстан Республикасы ӘКБтК-ның 442-бап, 2-бөлімі (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын- жайдан тыс жерлерде болуы) бойынша 4 жасөспірімге әкімшілік хаттама толтырылып, 12 жасқа түсініктеме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар жастар мен жасөспірімдерге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің жаңа баптары 127-бап ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларға тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауы, 441-бап жекелеген қоғамдық орында темекі шегуге тиым салу, 442-бап кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын жайдан тыс жерде болуға тыйым салынатындығын ескертті.