ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

602
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов бойжеткендер арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған Дана Дидайға сый — құрмет көрсетті. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «ardak.kz»ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Мақсұт Пернебайұлы спортшы мен оның бапкерін жеңісімен құттықтап, спорт саласында аянбай еңбек етіп, елдің намысын қорғап жүргені үшін алғысын жеткізді.
Бокстан Польшаның Кельце қаласында өткен жастар арасындағы әлем біріншілігінде шымкенттік спортшы күміс жүлдегер атанған еді.
75 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Дана Дидай финалда үндістандық Санамача Токчоммен шеберлік байқасты. Аса тартысты өткен бәсекеде жерлесіміз 2:3 есебімен есе жіберді.
Айта кетейік, Дана Дидай – Шымкент қалалық № 5 кәсіпқой бокс түрлері клубының шәкірті.
Естеріңізге сала кетелік, жастар арасындағы әлем чемпионатына еліміз атынан 20 боксшы аттанған болатын.
Дарынды спортшыларымыз еліміздің абыройын асқақтатып, толайым табыстарға қол жеткізе берейік!