«ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМНІҢ АЛДЫН АЛДЫН АЛУ» МАҚСАТЫНДА ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

996
Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Аутрич, NEET және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен «Діни экстремизмнің алдын алу және діни сергектік» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Шымкент қаласы бойынша «Ақниет» ақпараттық — насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ аймақтық өкілдігінің басшысы Файзулла Тайтелиев және Инновациялық-технологиялық колледжінің студенттері қатысты.
Діни экстремизм дегеніміз – ол идеологиялық шектен шығу, жалпы тәртіпті мойындамайтын, өзінің пікірімен ғана іс-әрекет жасаушы дегенді білдірсе, ал терроризм ұғымы — қорқыныш, үрей деген мағыналарды білдіреді.
Бүгінгі күнгі діни мәселелер мен осы саладығы күрделі проблемалар Қазақстанды ғана алаңдатып жатқан жоқ, жалпы ғаламдық дәрежедегі күрделі мәселеге айналып отырғаны мәлім. Осы орайда бүгінгі таңда дұрыс жолды таңдай білуіміз үшін елімізде тыйым салынған діни бірлестіктерден хабардар болғанымыз абзал.