ҚАРАТАУ ЖАСТАРЫНА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

527

Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жанынан құрылған «Мобильді тобы», шалғай тұрғын алабтары жастарына орталықтың жұмыстары және мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Ақпараттық түсіндірме жұмыстары Қаратау ауданы Қайнарбұлақ саяжайының көшелері бойында жүргізілді.

Кеңес беру мақсаты — Мемлекеттік жастар саясаты, оның ішінде мемлекеттік бағдарламалармен танысу арқылы жастардың Отан сүйгіштік қабілетін дамыта отырып, еліміздің толыққанды азаматы болуға ықпал ету.