Қарияның көзімен көргендері: Адамның майын ішкен жігіт

1608

Қазақ елінің «мың өліп, мың тірілген» тарихында жан алысып, жан беріскен жойқын соғыстар мен халықтың жағдайын қиындатқан небір сұрапыл оқиғалар аз болған жоқ. Бірақ солардың бәрінде XX ғасырдың отызыншы жылдарындагы алапат ашаршылық кезінде орын алған аса зор адам шығыны «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламадан» да бірнеше есе асып түскен.

«1932-1933 жылдары мен Жуалыда мұғалімдік қызметті атқарып, балаларға араб төте жазуынан сабақ беріп жүрдім. Бір жолы адамның жаны түршігетін сұмдық оқиғаның куәсі болдым. Босқындардың ішінде бір  пысықтау келген жігіт қойдың қарнына адамның майын қүйып алыпты. Ол өлген адамдардың қарнын жарып жіберіп іш майын шыжғырып қарынға құйып алған. Адамның майы қойдың іш майындай тоңбай, сол сүйық күйінде тұра береді екен. Сөйтсе, бүл ашыққан адамға күш-қуат беретін болса керек. Өлген адамның еті жарамсыз, аз ғана уақыттың ішінде тез бұзылады. Жарамдысы осы — іш майы. Байқамаған адам аштық әбден шыңына жеткен адам ды алғаш көргенде бағуы келіскен әлді адам екен деп қабылдайды. Алайда бұл — дененің борпылдап, кілкілдеп, ісініп кетуі… Осының бәрін өз көзіммен көрдім», — деп Аманбек ақсақал әңгімесін бір ауыз сөзбен түйіндеді.

(Аманбек Байдалыұлы қарияның естелігі,

«Әулие-Ата өңіріндегі ашаршылық» кітабынан)