«МЕНІҢ ГҮЛДІ АУЛАМ» БАЙҚАУЫНА ӨТІНІМ БЕРУ ЖАЛҒАСУДА

600

Шымкенттегі көпқабатты үйдің тұрғындары осы байқау арқылы аулаларын гүлдермен көмкеруге арналған креативті жобаларын жүзеге асыра алады.
Аулалар арасындағы сайыс Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтеді. Ең басты шарттың бірі – гүлдердің 25 пайызы қызғалдақ болуы қажет. Қатысушылар ауланы көгалдандыру, ағаштарға күтім жасаудағы тың тәсілдер, көпжылдық гүлдерді отырғызудағы дизайн жағынан әрлеуде түрлі әдістерді қолданып, байқаудың тақырыбын ашу керек. Сонымен қатар, суару жүйесі мен гүлзарларға күтім жасаудың оңтайлы шешімін табуы, минералды тыңайтқыштарды қолдану және жалпы сметалық шығыс есептелуі тиіс.
Байқаудың жеңімпаздары қомақты сыйақымен марапатталады. Атап айтқанда, 1 орынға – 3 млн теңге, 2 орынға – 1 млн, 3 орынға – 500 мың теңге беріледі.
Жеңімпаздар әр ауданнан бөлек-бөлек таңдалып, қаладағы Қаратау, Еңбекші, Абай, Әл-Фараби және Тұран аудандарынан үш жеңімпаздан анықталады. Қазылар алқасы тұрғындардың жобасын саралап, тиісті бағасын береді.
Конкурсқа өтінім беру 2022 жылдың 1 қазанынан басталған. Жеңімпаздар биылғы жылдың сәуір айында белгілі болады. Толық ақпарат алу үшін «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының +7 701 102 17 17, +7 702 109 17 17 нөмірлеріне хабарласуға болады. Өтінім «visit-shymkent.kz» сайты арқылы жолданады.
«Шымкент келбеті»