Таңғы ас ішкенде неден жиі қателесеміз?

2221
Таңертең тамақтанбау адам ағзасына қандай зиян тигізеді? Қандай тағамды таңғы аста жемеген дұрыс? Бұл сұрақтардың жауабы мен таңғы ас ішкенде адамдардың нені ескере бермейтіні туралы диетолог Элеонора Нұратдинова айтып берді.
Таңғы ас ішудің адам ағзасына пайдасы:
  • өнімді жұмыс істеуге көмектеседі;
  • заталмасу процесі артады;
  • көмірсулы, энергиясы жоғары тағамдар таңғы ас уақытында жақсы сіңеді;
  • бір салмақты ұстап тұруға және күндіз шамадан тыс тамақ жеуді болдырмайды;
  • қан құрамын жақсартып, инсульт пен инфаркт қаупін төмендетеді;
  • қан қысымының артуынан, атеросклероз бен қант диабетінен сақтайды.
Таңертең тамақтанбаудың зияны:
  • ер адамдардың 25%-ы инфаркт болуы мүмкін;
  • адамдардың 90%-ы артық салмақ қосады;
  • өт қабына тас жиналу, қант диабетіне шалдығу қаупі бар;
  • ойлау және еңбек ету қабілеті төмендейді.
Таңғы ас ішкен адам неден қателеседі?
Диетологтың айтуынша, көп адам таңғы ас ішу кезінде бірнеше қате жібереді.
  • Кешкі асты кеш ішу. Бұл таңғы ас ішуге тәбетті жояды. Кешке көмірсуы көп, майлы тамақ жегендіктен ұзақ қорытылып, асқазан түні бойы жұмыс істеп шығады. Кешке желінген кей көмірсу қорытылмай, энергия жұмсалмай қалғандықтан ол майға айналады. Сондықтан таңертең адамның ештеңеге зауқы болмайды. Сол үшін кешкі асқа тез қорытылатын ақуызды тағам жеген дұрыс. Оны да ұйықтардан 3 сағат бұрын ішу керек. Сонда ұйқыңыз жайлы болып, сергек оянып және таңертең қарныңыз ашып тұрады.
  • Таңғы ас ішудегі тағы бір қате – кешкі астан қалған тамақты таңғы аста жей салу. Ондай тамақтың адам ағзасына пайдасы шамалы. Ол адамның күні бойы күш-қуаты мен белсенділігін азайтады.
Нені жемеген дұрыс?
  • Тәтті тағам. Оған тоқаш, шоколад, бәліш жатады. Бұл өнімдер – жылдам көмірсулар. Олар жеткілікті калориялы және асқазанға ауыр. Ашыққан адам ағзасы оны тез қорытады.
  • Ет пен балық. Оны түскі асқа қалдыру керек. Бұл өнімдер ақуызға бай.
  • Ұн өнімдері. Оған макарон, тұшпара тағы басқалары жатады. Бұл тағамдар сапалы жұмыс істеуге жеткілікті күш бермейді.
  • Бутерброд. Әсіресе, майонез бен шұжық қосылған түрі таңғы асқа ішуге қолайсыз. Олар асқорыту жолына ауыр тиеді.
  • Пияз бен сарымсақты жемеген дұрыс.
Дереккөз:7kun.kz