«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN 2021» КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК ЖАРЫСЫ БАСТАЛДЫ

1252
Бүгін Елордадағы «Казмедиа» орталығында «WorldSkills Kazakhstan – 2021» ұлттық чемпионатының ашылу салтанаты өтті.
Шымкент қаласынан чемпионатқа жолдама алған, 32 құзыреттілік бойынша қаламыздың намысын қорғайтын 33 қатысушы — студенттеріміз бар.
Республика аумағында осымен алтыншы рет өткізілгелі отырған Ұлттық чемпионатқа еліміздің барлық өңірлерінен қатысушы колледж студенттерінің 600-ге жуық студенті қатысқалы отыр. Чемпионат Қазақстанның 8 өңірінің өндіріс алаңдарында 1 ай көлемінде өткізілмек.
WorldSkills – өз ісінің үздіктерін анықтайтын, жұмысшы кәсібінің мәртебесін арттырып, кәсібилікті насихаттайтын жахандық жоба.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов чемпионаттың ашылу салтанатындағы сөйлеген сөзінде, бүгінгі шараның халықаралық стандарттар негізінде техникалық мамандықтар бойынша өндіріс орындары саласын жоғары технологияны жетік меңгерген жас мамандармен қамтамасыз етуде маңызы зор екендігін атап өтті.
Сондай-ақ, бас ұстаз техникалық және кәсіптік білім жүйесіндегі индустриалды-инновациялық даму талаптарына сәйкес жүзеге асырылып жатқан жобалар аясында жұмысшы мамандарын даярлаудың инфрақұрылымын дамыту, «Жас маман» жобасы бойынша оқу бағдарламаларын қайта қарап, модернизациялау, кадрларды еңбек нарығына сәйкестендіру мәселелеріне тоқталып өтті.