«ШЫМКЕНТ – МЕНІҢ ҚАЛАМ!» АТТЫ ВИКТОРИНАЛЫҚ СҰРАҚ-ЖАУАП АЙДАРЫ

1223
Бүгін Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен арнайы қала күніне орай «Шымкент – менің қалам!» атты викториналық сұрақ-жауап айдары өтті.
Сайыстың мақсаты, адам көп шоғырланған қала көшелері мен саябақтарда қала тұрғындары мен қонақтарына, Шымкент қаласының тарихынан сыр шертетін қызықты сұрақтар қойып, олардың ой-пікірлерімен бөлісу болатын. Сондай-ақ сұрақ-жауап соңында дұрыс жауап берген тұрғындарға, сыйлықтар тарту етілді.
Аталған шара барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай өткізілді.