ГАЗДАН УЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

1122

Жылу беру маусымы басталасымен тұрғын үйлер мен пәтерлердегі өрт оқиғалары арта түседі, оның себебі көбінесе, жылу беру жүйелерін пайдалану және жылу пештерін орнату кезінде, электр желісіндегі ток кернеуінің шамадан тыс көбеюінен, өрт қауіпсіздігі талаптарының өрескел бұзылуы салдарынан болып жатады.  Әсіресе бұл кезеңде улы газбен улану факторлары жиі орын алады.  Адам өміріне қауіпті  улы газбен уланудың  алдын алу үшін ең бірінші орында қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаудың өзі  аса маңызды.

Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының ұйымдастыруымен Абай ауданы әкімдігі, Абай ауданы төтенше жағдайлар басқармасы және Жастар ресурстық орталығының еріктілерімен бірлесіп, «Самал» сауда орталығында сатушылар мен келушілер арасында газдан уланудың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізілді.

Сала мамандары қала тұрғындарының денсаулығының қауіпсіздігі және газды пайдалану кезіндегі ережелерді сақтау бойынша үнпарақтар таратты.

–Қалада жылыту маусымы кезінде газдан улану жағдайлары көптеп тіркелген. Жылыту маусымы тоқтағанымен газдан уланған адамдар азаймай тұр. Газға байланысты қауіпсіздік талаптарын сақтамай, немқұрайлы қарау өлімге алып келеді. Шымкент қаласында 13 тұтынушы мекеме бар. Олар үй ішіндегі техникалық қауіпсіздіктерді сақтауын қамтамасыз етеді. ҚР газ және газбен жабдықтау жүйесі 19 бабының 1тармағына сәйкес, газ тұтыну жүйелерінің және газ жабдығының иелері, олардың тиісті техникалық жан-күйін және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті,- деді Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының газ техникалық инспекция бөлімінің бас маманы-мемлекеттік инспекторы Данияр Аширалиев.

Айта кетейік, жылыту маусымы кезінде 600-ден астам газдан улану жағдайы тіркелген. Осыған байланысты «I-Shymkent» бағдарламасы іске қосылған болатын. Онда 13 мекеменің тізімі енгізілген. Сонымен қатар тұрғындар үйде отырып-ақ аталған мекемелермен келісім шартқа отыра алады.