ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ЖАС АНАЛАРҒА АРНАЙЫ ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ ӨТКІЗІЛДІ

612

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Aутрич,NEET және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің мамандары жалғыз басты жас аналарға “Бас гигиенасы және шаш күтімі ” атты шеберлік сабағын ұйымдастырды.
Шеберлік сабағына «Ана үйі қоғамдық қорының» жас аналары және шаш күтімінің маманы Айгерім Бауыржанқызы қатысты.
Сабақ барысында Айгерім ханым жеке бастың гигиенасы және шаш күтімі жайлы шеберлік сабағын өткізді. Жас аналарға үй жағдайында шаш күтіміне арналған маскаларды жасауды үйретті.