Бүгін Шымкент қаласының ішкі саясат жəне жастар істері жөніндегі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Пахтакор мөлтек ауданында орналасқан «Мирас» спорт-комплексінде кіші футболдан турнир өтті. Ойын қаламыздың 4 ауданы бойынша пробация есебінде тұрған жастар арасында өткізілді.
Мақсаты, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерей-тойына жəне Шымкент қаласы күніне орай пробация есебінде тұрған жастар арасында кіші футболдан турнир ұйымдастыру. Сондай-ақ, бұқаралық спортты дамыту жəне салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады.
Турнирдың нәтижесі бойынша:
1 – орын Қаратау ауданы пробация жастарына
2 – орын Әл-Фараби ауданы пробация жастарына
3– орын Абай ауданы пробация жастарына берілді.