ДІН ТАҚЫРЫБЫНДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

1301
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Шымкент қаласы Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ теолог маманы Айнабек Ерболат, Шымкент қаласы бойынша «Ақ ниет – ақпараттық — насихаттау және оңалту орталығы ҚҚ-ның аймақтық өкілдігінің басшысы Оспанов Дәлелхан Қоңырбайұлы «Діни экстремизмнің алдын алдын алу» тақырыбында Шымкент қаласы білім басқармасының «Политехникалық колледжінің» студенттеріне ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында қазіргі таңда кереғар діни ағымдар қоғамға, айналаға, соның ішінде жастарға ерекше әсер етіп, адамдардың негізгі құқықтарына нұқсан келтіріп ұдайы адастырумен келеді.
— Діни экстремизм дегеніміз – ол идеологиялық шектен шығу, жалпы тәртіпті мойындамайтын, өзінің пікірімен ғана іс-әрекет жасаушы дегенді білдірсе, ал терроризм ұғымы — қорқыныш, үрей деген мағыналарды білдіреді.
Бүгінгі күнгі діни мәселелер мен осы саладығы күрделі проблемалар Қазақстанды ғана алаңдатып жатқан жоқ, жалпы ғаламдық дәрежедегі күрделі мәселеге айналып отырғаны мәлім. Осы орайда бүгінгі таңда дұрыс жолды таңдай білуіміз үшін елімізде тыйым салынған діни бірлестіктерден хабардар болғанымыз абзал.