Қазақстанда енді әке болғалы жүрген жігіттер әскерден босатылады

604

Қазақстанда енді әке болғалы жүрген жігіттер әскерден босатылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев заңдағы жаңа норманы түсіндірді.

Қазіргі ереже бойынша әскерге шақырылған сарбаздың жұбайы босанған жағдайда ол үйіне қайтарылады. Енді жаңа өзгерістерге сәйкес, бұл жеңілдік болашақ әкелерге де қатысты болмақ.

 

“Егер әскерге шақырылмай тұрып, жұбайы сәби күтіп отырған болса, (қанша апта екені көрсетіледі) оларды әскерге шақырмаймыз”, – деді вице-министр.

Еске салсақ, бұған дейін қорғаныс министрлігі жастарды көшеден күштеп әкетіп жатқан видеоға пікір білдіріп, әскерге шақырылғандарды полиция мәжбүрлеп әкетуге құқылы екенін айтқан еді.