«АСЫҚ- АЛТЫН ҚАЗЫНАМ» АТТЫ ЖАСТАР АРАСЫНДА ІС-ШАРА ӨТТІ

804
Шымкент қаласы Абай ауданы жастар орталығының ұйымдастыруымен «Асық- алтын қазынам» атты жастар арасында іс-шара өтті.
Асық – көнеден келе жатқан ұлттық ойын. Осы ойын баланың жастайынан ой-қабілетін шыңдап, дәлдікке, ептілікке, ширақтылыққа, ұстамдылыққа, алғырлыққа, сыйластыққа тәрбиелеген. Бұл ойын ертеден мал шаруашылығымен айналысқан ата-бабаларымыздың қолданысында келе жатқан көне ойын түрі.
Шараның мақсаты жастарды қазақтың ұлттық ойыны болған асық ойынын ұмыт қалдырмау, қазақи дәстүрлі ойынды дамыту болып табылады.
Аталмыш шараға «Тамақтандыру және сервис колледжінің» жастары қатысты.