Шымкентте әкімдік департаментінің басшысы тергеліп жатыр

1297
Шымкент қалалық Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы бюджет қаржысын ұрлау күдігіне ілінді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Шымкент қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген «Шымкент қаласының Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» ММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады « , — деді ол агенттіктің онлайн-брифингі барысында.
Атап өтілгендей, ол 2019 жылдың маусым айында мердігер және басқа тұлғалар тобымен әрекет етіп, нақты орындалмаған жұмыстар үшін актіге қол қойды, солайша, департамент ғимаратын ағымдағы жөндеуге бөлінген бюджеттің 7 миллион теңгесін жымқырды деген күдікке ілінген.
«Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдіктілердің кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады», — деді Данияр Биғайдаров.