«Қала адамдар үшін емес, жай көрініске салынған»: Ресейлік блогер Астана қаласына видеошолу жасады

697

Қазақстанға келген ресейлік елордадан алған әсерлерін видео шолумен жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «NewTimes.kz» порталына сілтеме жасап.

Ресейлік блогер Омск қаласынан Рудныйға кейін Астанаға келген. Сөзінше Қазақстан қалаларының ресейліктерден көп айырмашылығы жоқ. Ол елордаға жаздан соң қыс мезгілінде қалай өзгеретінін көру үшін келген.

«Сұлулығын айтпағанда Ресей мен Қазақстан өте ұқсас. Мұнда көше атаулары алдымен орысша, содан кейін ғана қазақша жазылған. Дүкен атаулары, жол белгілері, мейрамханалардағы ас мәзірі, жалпы бәрі орыс тілінде. Терминалдардың өзінде тіл таңдауы бар. Оның үстіне Қазақстанның оңтүстік өңірінен келген таксистпен сөйлескенімде, ол орыс тілін білмесе, өз мемлекетінің астанасында нан сатып ала алмайтынын айтты. Мұнда адамдар қазақша көп сөйлемейді. Ал орыс тілі Конституцияда бекітілген», – деді ресейлік.

Одан әрі ер адам Астананың оң және сол, ескі және жаңа болып екі жағалауға бөлінетінін айта отырып, елордада жасандылық бар екенін алға тартты.

«Қала адамдар үшін емес, жай көрініс үшін салынған сияқты. Әрине әдемі көрінеді. Бірақ дұрыс ойластырылмаған. Мәселен, әдеттегі жаңбырдан кейін көшелер Венецияға айналады. Ағындар жоқ, адамдар мұның бәрін айналып өтуге мәжбүр. Астананы төбеден қараған қызық. Бірақ оның астында жүздеген дүңгіршектерден басқа ештеңе жоқ, қаңырап бос жатыр. Жоғарыдан қай жерге шықсам да кинематографиялық түсірілімдерге арналғандай ғимаратарды көруге болады. Алайда оған төменнен қарағанда қаншалықты арзан материалдармен салынғанын түсінесің. Қаптаулар әлсіз жасалған. Тіпті ол басыңа құлап кетуі мүмкін», –  деп түсіндірді ол.

Одан әрі ресейлік Бейбітшілік және келісім сарайын, ЭКСПО орталығын, Опера және балет театрын жоғары бағалады.

«Әдемі де жарық сауда орталығына кірсем, онда кесілген бастар сатылатын базарды көремін. Немесе үш зәулім ғимараттан тұратын тағы бір тұрғын үй кешенінің ішінен лас бутиктерді көргенде таңғалдым. Астана тұрғындарын ренжіткім келмейді. Бірақ Ресейде бұл колхоз ретінде қабылданады. Мысалы, Қызыл алаңда қарбыз сатылуын елестете алмаймын «, – деп қосты блогер.

Блогер Қазақстан мен Ресей арасындағы түбегейлі айырмашылықтар жоқ екенін айтты. Мұнда да барлық ақша астанаға құйылатынын да қоса кетті. Сөзінше өзге қалалар КСРО кезіндегідей қалған. Ал аяқталмаған LRT желісін ол сыбайлас жемқорлық ескерткіші деп атады.