Карантин бізге неге керек?

908
Әлем елдері індетке әрқалай жауап қатып жатыр. Десе де, олардың әрекетін екі моделге бөліп қарастыруға болады: Қатаң тәртіп орнатқан Қытай және жүрдім-бардым қараған Италия.
Қазақстан алғашқы жолды таңдады. Не үшін? Бұл жолды таңдаған елдер адам өмірі үшін экономиканы құрбан етуге тура келді. Еліміз ақшаны емес, адам өмірін таңдады.
Сол себепті бірқатар қалалар карантинге жабылды. Бас қалаларда қатаң карантин екінші аптаға жалғасты және карантиннің соңғы аптасы деп те айта алмайсың.
Енді не істейміз?
Бұл сынаққа үш тарап қатысып жатыр: халық, бизнес және өкімет.
Халық карантинге берік болып, барынша сақтанып, үйде отыруға тиіс. Вирусқа қарсы соғыста халыққа орындауы тиіс жалғыз талап осы.
Бизнес барынша жұмыс орындарын сақтап, карантин аяқталған соң даму жолдарын ойластырғаны жөн. Бизнес – ең алдымен, жұмысшылар! Бизнес жүріп тұрғанда қызметкерлер қажет болып, бизнес тұралап қалғанда қызметкерлерден құтылуға асығатын кәсіпкердің карантиннен кейінгі күні қараң болады. Бизнесте ұжымның компанияға адалдығы маңызды. Қызметкерлердің адалдығына ие болатын кез дәл осы уақыт. Қызметкерлер – міндеттеме емес, актив.
Өкіметтің міндеті – алық пен бизнестің тамырын басып, барынша қолдап, халықты ашықтырып алмай, халық пен бизнестің «карантин қысынан» аман-есен шығуына жағдай жасау. Мемлекеттік биліктің көрінетін де, халық пен бизнестің сеніміне ие болатын тұсы осы.
Бірер айдан соң бұл да бәлду-бәлду бәрі өтірік болады. Сол күнге аман-есен жетейік.
Шыңғыс Мұқанның әлеуметтік желідегі жазбасы
Abai.kz