Жириновский: Орталық Азия әмірлігі құрылып, басшысы орыс, орталығы Ташкент болсын!

1622

Ресейлік саясаткер, Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының депутаты және Ресейдің Либерал-демократиялық партиясының жетекшісі Владимир Жириновский «Комсомольская правда» радиосына берген сұхбатында Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы жағдайға түсініктеме беріп, Орталық Азия эмиратын құруды ұсынды. 

«Мұндай әрқашан болған. Кавказ, Закавказье және Орталық Азияда. Бір аймақта көптеген аз халықтар тұратын болса, ол жерде қақтығыс үнемі болып тұрады. Кімнің жері, кімнің суы, кімнің көлік торабы деп таласады. Сондықтан, патша дәуірінде патша аймақтарды бұрын қалай болды, сол күйінде қалдырды. Міне, Бұхара — Бұхара әмірлігі. Бұхара әмірлігінің басында, әмір. Орысша айтсақ басшы тұрды. Мен бұл атауларды Ресейде қалпына келтірер едім — Қиыр Шығыстың, Шығыс Сібірдің, Оралдың басшысы, Закавказьенің басшысы, басшы болуы тиіс…

Болды. Айталық, Хиуа. Сонымен қатар әмірлік немесе хандық. Самарқанд. Кеңес үкіметі ақылсына бастағанда, олар республикалар құра бастады. Ал адамдар әртүрлі жерде өмір сүрді. Республиканың шекаралары әрдайым сол халықтың шекаралары бола бермейді. Тәжіктер Өзбекстанда тұрады делік. Сол сияқты Қырғызстанда да тұрады. Бірақ біз оларға тек Тәжікстанды бердік. Дәл солай қырғыздар, қазақтар, түрікмендер, бәрі араласып кетті.

Тек географиялық жер атаулары. Мен оны қалай атар едім? Орта Азия әмірлігі, бұл әмірліктің басшысы орыс және оның штаб-пәтері Ташкентте болады. Өзбектер де, қазақтар да, қырғыздар да, қарақалпақтар да, тәжіктер де, түркімендер де әдн риза болады. Сонда сумен ешқандай мәселе болмайды. Сонда адамдар су Орталық Азияның барлық тұрғындары үшін екенін түсінеді. Кім осы жерде өмір сүрсе, ешкім ешкімді қуып жібермеуі керек. Энергия барлығына тең бөлінеді», — деді Владимир Жириновский.

Бұған дейін Жириновский Қазақстандағы көше атауларының өзгертуге қатысты өз қарсылығын білдіріп, «қазақтар өздеріне қала салып алсын» деген еді.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ,

«Адырна» ұлттық порталы