Шымкентте жастарды роботехника саласына оқыту дәрістері басталды

547

Шымкент қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, «ROBO PARK» жастарды робототехника саласында оқыту мектебімен бірлескен, «ROBO TEX – 2021» жастарды робототехника технологиясына оқыту жобасының алғашқы сабақтары болып өтті. Оқытуға ЖОО мен орта арнаулы оқу орындарының робототехника технологиясына қызыққан 17 жас қатысты.

Робототехника сабақтары логикалық және жүйелік ойлауды, сондай- ақ шығармашылық қабілеттерін дамытуға көмектеседі.

Курсты бітірген жастарға сертификаттар табысталады.

Сонымен қатар сабақ барысында белсенділік танытқан үздік жастарды жұмысқа орналастырамыз.

Бізге қосыл! Белсенді бол! Болашаққа қадам жаса!