ЖАСТАР АРАСЫНДА ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМЫТУ БОЙЫНША СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

1136
«SHANYRAQ» Отбасы институтын қолдау орталығының Әл-Фараби алаңындағы ғимаратында «Жастар орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Jastarga-Qyzmet» soft — skills тұлғалық дамыту бойынша оқыту семинар – тренингі өтті.
Лидерлік қабілетті арттыру бойынша сабақты коуч, бизнес-жаттықтырушы, кеңесші және медиатор жүргізді.
Жалғызбасты аналар мен студент жастарды көпшілік алдында сөз сөйлеу өнерінен де хабардар етті.
Таңнан кешке дейін өткен психологиялық оқытуға жастар белсенділікпен қатысты.
Тренингте топтық жұмыстар, уақытты тиімді пайдалану бойынша кәсіби коуч, тәжірибелі психолог, бизнес тренер Гүлжанат Битанова жүргізді.