Оба — аса қауіпті жұқпалы ауру

1094
«Шымкент обаға қарсы күрес станциясы» филиалының зертхана меңгерушісі Ботакөз Шаймерденова «Оба ауруы» тақырыбы бойынша өткен брифингте  оба ауруының алдын алу шараларына тоқталып өтті.
– Оба — аса қауіпті, жоғары жұқпалы, тез арада өлімге әкелетін, табиғи-ошақты індет. Ағымдағы жылдың өткен мерзімінде Шымкент қаласының тұрғындары арасында оба ауруы тіркелмеді. Індеттің көзі, табиғи тасымалдаушы — жабайы, үй кеміргіштері. Жұқтыру механизмі — жұғу жолдарының барлық түрлері, оның ішінде негізгісі трансмиссивтік, бүргелер және кенелердің шағуы арқылы. Қабылдағыш организмдер — кеміргіштер, басқа жануарлар түрлері, түйелер, адамдар. Адамдар оба ауруын тасымалдаушы бүргелер және кенелер шаққан кезде, ауру малды, оның ішінде ауру түйелерді сойып осқан кезде және обамен ауырған адамдармен байланыста болған кезде де және ауа-тамшы жолы арқылы жұқтырады.
Өткен ғасырдың 20 жылдарында Қазақстан және Орта Азияның шөл даласында обаның табиғи ошақтары анықталған. Оба бойынша энзоотик алық жалпы жер көлемі 89300 ш.км құрайды: Бетпақдалада табиғи ошақтың көлемі — 30900 ш.км, Мойынқұмда — 24800 ш.ш, Қызылқұмда — 33600 ш.ш. Бұл эпизоотиялық ошақтар Түркістан облысының Арыс, Созақ, Отырар, Шардара аудандарында орналасқан.
«М.Айқымбаев атындағы АҚИҰҒО» ШЖҚ РМК «Шымкент обаға қарсы күрес станциясы» филиалы Мойынқұм, Бетпақдала, Қызылқұм шөл далаларындағы табиғи ошақтарында мониторингтеу, зертханалық зерттеулер, алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізеді.
Обаны болдырмау мақсатында келесі алдын алу шаралары жүргізіледі: тәуекел топтағы адамдарды обаға қарсы вакцинациялау, құм тышқандардың індерін дәрілеу, ауылдарда үй кеміргіштерін жою, індет ошақтарын залалсыздандыру, медицина қызметкерлерін клиника және емдеу, алдын алу бойынша дайындау, тұрғындар арасында санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізу.
Құрметті қала тұрғындары, Түркістан облысындағы обаның табиғи ошағы бар жоғарыда аталған аудандарға барғанда бүрге, кене шағуынан сақ болғандарыңыз жөн, — деді спикер.