Қазақстан мұнай қоры бойынша әлем бойынша 11 орында тұр

551

Рейтингте 302,8 млрд баррельмен Венесуэла көш бастап тұр.

Соңғы 10 айдағы көрсеткіш бойынша, Қазақстандағы шикі мұнай өндірісі 61 млн тоннаны құрады. Ресми ақпаратқа сәйкес, шикі мұнай өндірісі бір жылда 6% азайған.  

Energyprom.kz хабарлағандай, 2020 жылғы мұнай қоры бойынша елдері арасында анықталған рейтинте Қазақстан 30 млрд баррель көлемімен 11 орын иеленді.

Рейтингте 302,8 млрд баррельмен Венесуэла көш бастап тұр. Одан кейінгі орындарда Сауд Арабиясы мен Канада бар.  

Ақшалай алғанда шикі мұнай өндірісінің көлемі 6,5 трлн теңгені құрады.

«Елімізде мұнай өндіретін ең негізгі екі аймақ- Атырау мен Маңғыстау. Өндірістің 64,3% Атыраудың, 22,8% Маңғыстаудың еншісінде. Биыл қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстан 18,7 млрд АҚШ долларына тең 55 млн тонна мұнай экспорттады», — делінген дереккөз берген ақпаратта.