Ыстық күнде қандай су ішкен дұрыс?

4747

Нутрициолог Ұлжалғас Сманова өзінің инстаграм парақшасында шілденің шіліңгір ыстығында қандай су ағзаға пайдалы болатынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бірінші орында,әрине,мен қайта-қайта айтатын жылы суға жетері жоқ. Жылы су асқазан-ішек жолдарын оятып, тұла бойымыздан токсин-шлактарды шығаруға, зат алмасу процесін реттеуге, дененің термобалансын сақтауға көмегі зор, — дейді маман.

Одан кейін шипалы сусын ретінде “Сасси” сусынын ұсынды. Бұл сусынның асқазан-ішек жолдарын тазалауда көмегі көп. Дәрумен мен минералға да бай. Құрамы да қолжетімді. Суға зімбір, қияр, жалбыз, лимон қосып, дайындайды.

Ал ыстықта шөлді басу үшін көкөніс шырынын да ішуге болады екен.

Әсіресе қызанақ шырыны жақсы шөл басады. Әрі нағыз табиғи антиоксидант. Ағзадан зиянды холестеринді шығарады. Жүрек, буын ауруларының алдын алады. Диабетиктерге де еш қауіп жоқ. Аштықты басады. Бірақ бұл шырынды үйден дайындап ішкен жөн, — дейді нутрициолог.