Шымкенттік полицейлер кәсіби мерекелерін атап өтті

860
Шымкенттік полицейлер кәсіби мерекелерін атап өтті. «Қазақстан полициясының 27 жылдығы» мерекесіне орай ұйымдастырылған салтанатты шараға қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов пен Ішкі істер органдарының ардагерлері, полиция қызметкерлері және қызмет бабында қайтыс болған қызметкерлердің жұбайлары қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан Халқы Ассамблеясының ғимаратында полиция саласына арналған фотокөрме ұйымдастырылып, жиналған қауымға Полиция департаментінің баспасөз қызметі түсірген фильм көрсетілді. Өз қызметіне  жауапкершілікпен қарайтын бірқатар үздік полиция қызметкерлері марапатталып, шара соңы мерекелік концертке ұласты. Эстрада жұлдыздары мен полиция қызметкерлерінен құралған әншілер өнер көрсетіп, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сондай-ақ, № 4 балалар үйінің тәрбиеленушілері ән шырқап, тәртіп сақшыларын мерекелерімен құттықтады.
Бұл күні сонымен қатар Әл-Фараби ауданының полиция басқармасы ғимаратының алдында фронт-офис ашылды. Мұнда енді келген  халық қажетті кеңесін алып, олар өтініштері мен басқа да құжаттарын қысқа мерзімде өткізуге мүмкіндік алады. Жалпы аумағы 45 шаршы метрді құрайтын кеңседе азаматтарға  арнап күту залы, ресепшн орталығы ашылып, қажетті компьютерлік құрал-жабдықтар мен базалар орнатылған.
Шымкенттік полицейлер кәсіби мерекелерін  атап өтті
Арыздардың басым бөлігін құрайтын  лицензиялау-рұқсат беру жүйесі, мен әкімшілік тәжірибе, қылмыстық істерді тергеу мәселелеріне қатысты құзыретті қызметкерлер — жергілікті полиция қызметінің, әкімшілік тәжірибе инспекторлары, анықтаушылар мен тергеушілер қызмет көрсетеді.
Шымкенттік полицейлер кәсіби мерекелерін  атап өтті
Шымкенттік полицейлер кәсіби мерекелерін  атап өтті
Шымкенттік полицейлер кәсіби мерекелерін  атап өтті
Шымкенттік полицейлер кәсіби мерекелерін  атап өтті