ЖАСТАРҒА ҚАЛАМЫЗДЫҢ ТАРИХЫН НАСИХАТТАУДА МОМБЕК ӘБДІӘКІМҰЛЫНЫҢ «ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ТАРИХЫ» КІТАБЫННЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

1026
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жазушы, шежіреші, тарихшы, профессор Момбек Әбдіәкімұлының «Шымкент қаласы тарихы» атты кітабын жастарға таныстыру мақсатында кездесу өтті.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы аясында, халқының саны миллионға жетіп, республика көлемінде айрықша мәртебесі бар үшінші мегаполис атанған Шымкент қаласының терең тарихы жайлы жастарға таныстыру. Сонымен қатар қаламыздың тарихы жайлы ақпараттар бере отырып ойларымен бөлісу.
Құнды кездесуге жазушы, шежіреші, профессор Ғ. Мүсірепов атындағы әдеби сыйлықтың иегері — Момбек Әбдіәкімұлы, зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының жастары қатысты.
Кездесу барысында шежіреші Момбек Әбдіәкімұлының «Шымкент қаласы тарихы» атты кітабының тұсауы кесілді. Шырайлы қаламыздың тарихынан сыр шертетін кітап жайында көрермен жастармен сұрақ-жауап алмасып, жастар өздеріне қажетті құнды мағлұматтар алды.
Сондай-ақ көрермендерге концерттік нөмірлер көрсетіліп, естелікке суретке түсу рәсімімен аяқталды.