Жапон доктордың ұзақ өмір сүру ережелері

1939
Бірнеше ай бұрын Жапония өзінің ұлттық батыры 105 жастағы доктор дан айырылды. Бұл жапондық азамат 
дәрігер ретінде, ғалым ретінде Жапония елінің денсаулық сақтау ісіне үлкен үлес қосты. Ол 5 қорды құрып, Токиода Әулие Лұқа атындағы халықаралық ауруханасының президенті болды. Хинохара Жапонияда жыл сайын жалпы медициналық тексерулерді енгізуге үлкен үлес қосты.
Керемет денсаулығын сақтай отырып, ұзақ уақыт бойы қалай өмір сүруге болады?
Хинохара дұрыс тамақтанған ба? Жоқ.
Ол жұмыс пен демалыс арасында қажетті тепе-теңдік сақтады ма? Жоқ.
Ал, талап етілетін ұйқы көлемі дұрыс болды ма? Жоқ.
Хинохара аптасына, 7 күн тәулігіне 18 сағат жұмыс істеді. Ол ұзақ өмір сүру үшін қажет нәрселер туралы мынадай ойларымен бөлісті.
1. Адамның бойында қуат-жігерінің жақсы деңгейден болуы, жақсы тамақтану немесе көп ұйықтауға байланысты емес.
2. Денені түскі ас және төсек уақыттары туралы тым көп ережелермен алмасаңыз жақсы.
3. Ұзақ уақыт бойы өмір сүргіңіз келсе, артық салмақтан сақ болыныз.
4. Зейнеткерлікке шығудың қажеті жоқ, оны мүмкіндігінше кешірек орындау қажет.
5. Сондай-ақ дәрігерлердің кеңесіне құлақ асуға асықпау керек.
6. Егер дәрігер кез-келген сынақты қабылдауға немесе операцияға келісуге кеңес берсе, дәрігер өз әйеліне, өз балаларына сондай ем немесе операцияны ұсыныс жасайма деп сұраңыз. Танымал пікірге қарамастан, дәрігер бәрін емдей алмайды.
7. Музыка мен пет-терапиясы көптеген дәрігерлерге қарағанда жақсы көмектеседі.
8. Ауру – құпия, көңілді болу – ауру туралы ұмытудың ең жақсы жолы. Мысалы, Әулие Лұқа атындағы ауруханасында музыкалық және пет-терапия пайдаланады, сондай-ақ сурет сабақтары бар.
9. Тек ғылым адамдарды емдей алмайды. Бірақ әрбір ауру жеке болып табылады, ал ғылым барлық адамдардың ауруын біріктіріп емдейді. Әрбір адам бірегей және оның аурулары жүректен шығады. Ауруды зерттеу және адамға көмектесу үшін дәрі-дәрмек емес, өнерге жүгіну керек.
Керімсал Жұбатқанов, тарих ғылымның кандидаты, Қазақ-Орыс Халықаралық Университетінің доценті.