Түркістан облысында 2,8 млрд теңге бюджет қаражаты жымқырылған

648

Түркістан облысының прокуратурасы білім беру мекемелерін тексеру кезінде көптеген заң талаптарын бұзу мен бюджет қаражатын жымқыруды анықтады, деп хабарлады ведомство.

Атап айтқанда, Жетісай ауданының прокурорлары аудандық білім бөлімінің бухгалтерлерінің 2,8 млрд теңге бюджет қаражатын ұрлағанын анықтаған.

Осы факті бойынша құжаттар СДТБТ-ға Қылмыстық кодекстің 189-бабымен тіркеліп, тергеуге жіберілді. Күдіктілерді Түркістан облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары тергеп жатыр.

Бүгінде прокуратура қабылдаған шаралар нәтижесінде мемлекет бюджетіне 309 млн теңге қайтарылды.

Тексеру жалғасып жатыр және жіті бақылауға алынған.