Кәсіпқой бокс: Жанқош Тұраров кезекті жекпе-жегінде қарсыласын нокаутпен жеңді

1633

Ұзақ үзілістен кейін шаршы алаңға қайта оралған Жанқош Тұраров бүгін «Алматы аренада» өткен кәсіпқой бокс кешінде кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Экспресс К.

Бұл кеште қазақстандық былғары қолғап шебері Жанқош Тұраров (25-0, 18 КО) венесуэлалық Луис Энрике Ромеомен (11-5-1, 7 КО) басты жекпе-жек өткізіп, олар бірінші орта салмақтағы IBO Inter-Continental белбеуін сарапқа салды. Алғашқыда қос боксшы арасындағы айқас 10 раундқа жоспарланған еді. Нәтижесінде Жанқош қарсыласын 7-ші раундта текхникалық нокаутпен жеңді.

Осылайша, отандасымыз кәсіпқой бокстағы 26-шы жеңісіне қол жеткізсе, оның бүгінгі қарсыласы Энрике Ромео алтыншы рет жеңілістің ащы дәмін татты.

Сондай-ақ дәл осы бокс кешінде отандасымыз Ангелина Лукас (2-0, 1 КО) Танзания өкілі Лулу Каяджмен (8-8-4, 2 КО) жұдырықтасып, шет елдік қарсыласын таза жеңді. Бұл қазақстандық спортшы қыздың кәсіпқой рингтегі үшінші жеңісі.

Ангелина Лукас
Ангелина Лукас Танзания өкілі Лулу Каяджмен жұдырықтасып, шет елдік қарсыласын таза жеңді
Айта кетейік, бұл кеште аралас жекпе-жектің шебері Арман Әшімов те шаршы алаңға шықты. Ол кәсіпқой бокстағы дебютінде қарсыласы грузиялық Бухити Татиашвилимен тең түсті.