Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова өзінің Instagram-дағы парақшасында алаяқтардың құрбаны болғанын мәлімдеді.
Актриса әлеуметтік желіде оқырмандарының сауалына жауап берді. Оқырмандары «Алаяқтарға алданып көрдіңіз бе?» деп сұрақ қойды.
Оқырманның сұрағына Жұлдыз Әбдікәрімова былай деп жауап берді:
«Алданғанда қандай?! Дәл қазір процесс жүріп жатыр. Ол бөлек әңгіме. Жақында бәрін де айтып беремін», — деп жазды ол.