Түркістан облысында қылмыс саны 33,7%-ға азайған

1232

Мемлекеттік мекеменің барлығы өз бюджеттерін жариялады.

Түркістан облысы республика көлемінде жемқорлық деңгейі төмен облыстардың алғашқы бестігінде, — деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлеріне қатысты тіркелген сыбайлас жемқорлық қылмыстарының саны 33,7% — ға азайған. Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспарына сәйкес және сыбайлас жемқорлықты алдын-алу мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Ондағы іс-шаралар негізінен сыбайлас жемқорлықтың көріністерін жоюға және алдын-алу жұмыстарына бағытталған. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысында мәлімденді. Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева, агенттіктің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Хаким Қошқалиев, республикалық «Парасат жолы» орталығының жетекшісі, жазушы, қоғам қайраткері Сәдібек Түгел, облыс әкімінің орынбасарлары және басқарма басшылары қатысты. Жиында облыстық басқармалар тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданып жатқан шаралар баяндалды. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шараларға және Агенттіктің іске асырылып жатқан жобаларына, заңнамалық жаңашылдықтар жайында айтылды. «Негізгі мақсатымыз — 5 сәуірден бастап күшіне енген әкімшілік заңнамадағы түзетулерді түсіндіру. Заңнамадағы өзгерістерге сәйкес, мемлекеттік органның басшысы жемқорлыққа байланысты алдын алу шарасын қабылданбаса, айыппұл салынады. Немесе мемлекеттік орган, квазимемлекеттік орган басшылары жемқорлықтан бұрын жазасы бар азаматтарды жұмысқа алса, оған да айыппұл салынады. Заңсыз кәсіпкерлікке араласу және жеке немесе заңды тұлғалар сыйақы беретін болса, ол жерде де айыппұл салынады. Осындай 15 бап бойынша уәкілеттілік берді. Жалпы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға байланысты бірнеше тетіктер бар. Талдау, мониторинг жүргізу керек. Ұсыныс беру керек», — деді Жазира Жақсылыққызы. «Ашық бюджеттің интерактивті картасы» жобасы аясында Түркістан облысында 1352 мемлекеттік мекеменің барлығы 100 %-ға өз бюджеттерін жариялады. Облыс көлеміндегі барлық аудан, қалалар мен басқармалар тарапынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 280 ішкі талдау жұмыстары жүргізілді. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» концепциясын жүзеге асыру бір терезе қағидаты арқылы азаматтардың мәселелерін кедергісіз шешу мақсатында, облыстағы барлық 16 қала/ауданында сервистік әкімдіктер ашылып, сервистік форматқа көшу мәселесі облысымыздың аудан/қала әкімдіктерімен жүз пайыз қамтылды. Сервистік әкімдіктерде тұрғын үй кезегі, ауыл шаруашылығы техникаларына көрсетілетін қызметтер, мекенжай тіркелімі, жер қатынастары, әлеуметтік және кәсіпкерлікті қолдау салалары бойынша қызметтер көрсетілуде. Бұдан бөлек, бүгінде облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, қала, аудандарда халық саны ең көп 1 (бір) ауылдық округтен «Сервистік әкімдік» ашу мәселесі бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, азаматтардың барлық сындарлы сауалдарына жедел және тиімді жауап беретін «Еститін мемлекеттің» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында, облыс орталығы Түркістан қаласынан екінші Фронт-офис, «Парасаттылық орталығы» ашылды. Бұдан бөлек, Түркістан облысында мемлекеттік қызметтің ашықтығын, қолжетімділігін көздейтін алаң құру мақсатында «Басқармалар үйінен» «Ашық әкімдік» құрылды. Сондай-ақ, халыққа кедергісіз қолайлы ортаны қалыптастыру және мемлекеттік қызметті көрсетудің ашықтығын қамтамасыз ету бағытында Түркістан облысы аумағында 67 мемлекеттік мекеме «Ореn space», 84 мемлекеттік мекеме фронт кеңсе үлгісінде жұмыс жасауда. Жоба мемлекеттік қызметтерді цифрландыруға айтарлықтай серпін берді. Халықаралық стандарт бойынша ол кемінде 90%-ға жетуі қажет болса, облысымызда цифрландыру 93%-ға жетіп, осы саладағы тұрмыстық жемқорлық деңгейін төмендетуге өз септігін тигізгені сөзсіз. Өмірзақ Естайұлы жемқорлықпен күресті күшейту жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасы аясындағы басым бағыттарға тоқталды. Өңірлік іс-шаралар жоспарына сәйкес және сыбайлас жемқорлықты алдын-алу мақсатында атқарылған жұмыстардың маңыздылығына мән берді. «Департамент сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселесінде негізгі назар аударып жатыр. Оның ішінде нормативтік құжаттарды тексеру, алдын ала. Жалпы нәтижесі бар. Барлық көрсеткіштер бойынша республикада алдыңғы қатарда. Сыбайлас жемқорлықтың жалпы деңгейі 12 айдың қорытындысы бойынша, алдыңғы жылмен салыстырғанда 33,7%-ға азайып отыр. Мұның өзі жақсы көрсеткіш деп ойлаймын. Сондықтан осылай жұмысты жалғастыра беру керек. Ең бірінші профилактика, превенция — алдын алу мәселесі, түсіндіру жұмысы. Соған көбірек көңіл бөліну керек деп ойлаймын», — деді облыс әкімі.