Шымкентте екпе алуға үндейтін акция өтті

999
«Мен қауіпсіздіктемін» деп аталатын акцияның өтуіне қалалық Жастар ресурстық орталығы және еріктілер атсалысты. Тұрғындарды екпе алуға үндеген шара мегаполистегі №1, № 3 және №6 емханаларда ұйымдастырылды.
Еріктілер емханаға екпе алуға келген тұрғындарға «Мен қауіпсіздіктемін» браслетін таратты.
-Қазір қаладағы эпидахуал күрделі. Мегаполистегі коронавирусты емдеу орталықтарында ауырып жатқан науқастар көп. Олардың көбісі дәрігердің кеңесін алмай, өз бетінше ем-шара қабылдағандар және вакцина алмаған пациенттер. Соның салдарынан адамдардың дерті ушығып, соңы қайғылы жағдайға ұшыруда. Сондықтан қауіпті індеттің алдын алып, ауырмаудың тиімді жолы — екпе алу екенін ұмытпайық,-дейді №1 қалалық емхананың терапевт дәрігері Балнұр Пазилова.
Айта кетейік, Шымкентте жалпы екпе алу науқаны басталғалы 394 484 адам вакцина салдырды. Оның 319 297-сі вакцинаның екі компонентін алған.