ЖАСТАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ҚЫЛМЫС ПЕН ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША РЕЙДТІК ІС-ШАРА ӨТТІ

686
Шымкент қаласының Абай ауданы «Жастар ресурстық орталығы» және Шымкент қаласы Абай аудандық ювеналды полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып, жастар мен жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында қалалық деңгейде рейдтік іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастыру, кәмелет жасына толмағандардың заңды өкілдерінсіз ойын-сауық орындарында жүруін, түнгі уақытта тұрғылықты мекенжайынан тыс жерде жүргенін, қаңғыбастық жайттарын анықтау, кәмелетке толмағандарға алкогольді сусындарды, темекі бұйымдарын пайдаланбауын, сондай-ақ ересек тұлғалардың кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылыққа және қылмыс жасауға итермелеуінің алдын алу болып табылады.
Іс-шара нәтижесінде Қазақстан Республикасы ӘКБтК-ның 442-бап, 2-бөліміне сәйкес (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерлерде жүрген үшін 4 жасқа түсініктеме жұмыстары жүргізілді.