Шардара су электр станциясын жаңғыртуға 38 млрд теңге бөлінеді

1485
Су электр станциясын жаңғырту жобасына 38 миллиард теңге қаржы қарастырылған.
Гидроагрегаттарды алмастыру ісімен біріккен австриялық-германиялық мердігер мекеме айналысуда. Бірінші су агрегатын іске қосумен бірге мұнда екінші агрегат бойынша құрылыс жұмыстары қатар жүруде.
Оны біріншісі іске қосылғаннан кейін орнатады. Сосын үшіншісі орнынан алынады. Бекітілген кестеге сай, бұл кезеңде бірінші және төртінші ескі агрегат жұмыс істеп тұрады. Осы тәсілмен төрт су агрегатының бәрін де жаңарту көзделген.
Сергей Саховский, мердігер компанияның өкілі: «Жоба аясында біз бірінші агрегатты толығымен қосуға дайындадық. Қазір қорытынды тексеру жұмыстарын жасаудамыз. Ал екінші гидроагрегаттың негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары жүруде. Алдағы бір жарым айда біз екінші агрегат бойынша мәреге жетеміз деп ойлаймын».

Шардара су электр станциясының тарихы тереңде. 1967 жылы пайдалануға берілген. Норматив бойынша қызмет ету мерзімі 25 жыл болса, станцияның технологиялық жабдығы 50 жылдан астам уақыт бойы үздіксіз жұмыс істеп келеді.

Ал жабдықтың тозуы шамамен 100%-ке жеткен. Алдағы уақытта жаңғыртудан өткен соң электр станцияның қуаты 26 пайызға өсетін болады. Мұнда жыл сайын қосымша 57 миллион кВт/сағат электр энергиясы өндіріледі. Жаңа жабдық су станциясының қызмет ету мерзімін 35-40 жылға дейін ұзартады.
dalanews.kz