Түркия жаңа жылдан бастап туристерге салық салады

1645

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Түркия мемлекет туристерге 2 пайыздық салық төлеткізеді, деп хабарлайды Экспресс К.

Атап айтқанда, салық қонақүйлер, курорттық елді мекендер, бутиктік қонақүйлері, мотельдері, пансионаттары мен биік таулы үйлерінде және кемпингтерде тұратындарға салынады. Бұл туралы Түркия үкіметінің Resmi gazete басылымы хабарлады.

Бірақ жатақханалар мен лагерьлерде студенттерді орналастыру қызметтері салықтан босатылады.

Түркиядағы шет мемлекеттердің дипломатиялық қызметкерлері де салық төлемейді.

Түрік билігі негізі туристік салықты 2019 жылы енгізу туралы шешім қабылдаған. Алайда бұл заң жобасы коронавирус пандемиясына байланысты тоқтатылды. Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсойдың айтуынша, 2023 жылы Түркия 60 миллион турист қабылдамақшы.