Шымкентте Наурызды тойлауға 134 млн теңге жұмсалған

679

Шымкентте Наурыз мерекесі 12 күндік марафон ретінде өтті. Әрбір күн белгілі бір тақырып аясында тойланған деп хабарлады turkystan.kz.

Мерекелік марафон «Қошқар ата сейілі» деп аталатын шарадан басталған. Бұл шараны өткізуге 17 миллион 630 мың теңге кеткен.

Бұл ақшаға әкімдік өзен жағалауын ұлттық атрибуттармен безендіріп, киіз үйлер мен алтыбақандар қойды. Сонымен қатар, қозы көтеру сияқты жарыстар өткізіліп, ұлттық тағамдар дайындалды, сондай-ақ әртістер қонақтарға театрландырылған қойылымдар дайындады.

Мерекелік марафон кезінде өткен шаралар атауы және оларға жұмсалған шығын мөлшері төмендегідей:

«Қош келдің Наурыз» шарасына 930 мың теңге жұмсалған.

«Көрісу күнін» өткізуге 2 миллион 300 мың теңге жұмсалған.

«Жайлау» мерекелік шарасының құны 2 миллион 500 мың теңгені құраған.

«Шежіре күнін» өткізуге 1 миллион 650 мың теңге жұмсалған.

«Тарихқа тағзым күніне» 304 мың теңге, ал «Игі істер күніне» 6 миллион 350 мың теңге жұмсалған.

«Шымырлық пен шеберлік күнін» өткізуге 5 миллион 50 мың теңге, ал «Зияткерлік күнін» өткізуге 6 миллион 900 мың теңге жұмсалған.

«Жоралғы күні» шарасына 5 миллион теңге жұмсалған.

«Ұлыстың ұлы күні» мерекесі бюджет үшін ең қымбаты болды, бұл шараға 64 миллион 950 мың теңге жұмсалған.

Мәдениет басқармасының басшысы Ханзада Есенованың айтуынша, өткен жылы қалалық бюджеттен Наурыз мерекесін тойлауға 217 миллион теңге жұмсалған.