Әзірбайжан әскері Қарабақты түгелдей жаулап алу үшін шабуылға шықты

1316

24 наурыз күні сағат 16:00-де Әіербайжан қарулы күштері Аскеран ауданының Парух ауылы бағытында ұрыс сызығын бұзғанын хабарлады.

Бұл туралы Таулы Қарабақтың (армянша атауы – Арцах) ақпараттық орталығы хабарлады.

Қарабақта орналасқан ресейлік бітімгершілік күштері өкілдері келіссөздер арқылы одан әрі ілгерілеуді тоқтатуға және Әзірбайжан әскерилерін бастапқы орындарына қайтаруға тырысып жатқаны атап өтілді.

Қауіпсіздік мақсатында Аскеран ауданындағы Храморт қоғамдастығының әйелдері мен балалары эвакуацияланғаны хабарланды.

Ақпараттық орталық Қарабақ тұрғындарын сабырға шақырады. Сонымен қатар қазіргі уақытта байланыс желісі қалған барлық бөліктерде жағдай тұрақты екенін атап өтті.

Бұған дейін РУСАРМИНФО Таулы Қарабақтың ақпараттық штабы ресейлік бітімгершілік контингентінің қолдауымен газ беруді қалпына келтіру бойынша Әзірбайжан тарапымен келіссөздер жалғасып жатқанын хабарлады.

Алдын ала мәлімет бойынша, 2020 жылы даулы аумақтарға кірген ресейлік бітімгерлер Украинадағы соғысқа жіберілгендіктен, Әзірбайжан осындай қадамға баруға бел буған.

Әзірбайжан әскерлерінің Фарух (Парух) ауылын басып алғаны, көршілес Пирляр (Храморт) ауылында Армения әскері қорғанысқа жиналып жатқаны хабарланды