ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСУДА

698

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын түсіндіру мақсатында кезекті дөңгелек үстел «ОРТАЛЫҚ» Өндіруші кәсіпорын» ЖШС-де өтті.
Кездесуде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілі Ж.Әлжанова сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда атқарылып жатқан шаралар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін тұлғаларды көтермелеу қағидалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, оның жауапкершілігі бойынша ақпарат берді.
Сонымен қатар, квазимемлекеттік компанияларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті енгізу бойынша міндет заңнамалық деңгейде енгізілгендігі және корпоративтік адалдық стандарттарының сақталуын бақылауды көздейтіндігі айтылды.
Жиын соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, жемқорлықпен күресте бірлесе жұмыс жасауға шақырды.