Трамп Байденді Путиннің ядролық соққы жасаймын деген сөзінен қорықпауға шақырды

1234

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Джо Байденді РФ президенті Владимир Путиннің ядролық қару туралы мәлімдемесінен қорықпауға шақырды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап.

«Путин nuclear (ядролық) сөзін ылғи айтады. Алайда қазіргі уақытта бұл әдіс жұмыс істемейді. Соның өзінде ол бұл сөзді күнде айтудан шаршамайды», — дейді Трамп.

Америкалық лидердің сөзінше, АҚШ-тың ядролық қару күші Ресейге қарағанда мықтырақ. Ол Байденді Путин төндірген қауіп-қатерге қарсы жауап беруге шақырды. Сонымен қатар Трамп Ресейдің ядролық қару туралы жиі айтып, әлемді қорқытқысы келетінін де айтып өтті.

«АҚШ-та ең үздік қару-жарақ пен суасты күші бар. Байден соны айтуы керек. Егер мен президент болғанымда, өзіміздің олардан мықты екенімізді, сондықтан «ядролық қару» сөзін ешқашан қолданбағаны жөн екенін айтар едім», — дейді ол.