ҚАЗЫҒҰРТТА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЫРШЫ — ТЕРМЕШІЛЕР САЙЫСЫ ӨТТІ

1593
Қазақстан халқының бірлігі күні және Кеңес Одағының батыры
Сабыр Рақымовтың 120 жылдығына арналған республикалық
«Терме- маржан жыры бабамның» термешілер байқауы өткізілді. Байқаудың басты мақсаты – тілінен бал тамған ақын-жырауларымыздың әндерін тамылжыта орындап, халыққа дәріптей алатын, құлақтың құрышын қандыратын термешілерімізді ұлықтау. Ұлы Абайдың «Әннің де естісі бар, есері бар» дейтін дана сөзі бар. Әуеннің иіріміне түскен толқын құлақтан кіріп,бойыңызға тараған кезде түрлі әсерде боласыз. Терме-бабалар тілегімен біте қайнасып, келер ұрпаққа мәңгі мұра қалдырушы, өмірлік мағынасы бар мұра. Байқау нәтижесімен бас жүлдені Маңғыстау облысынан келген Темірбек Асқанбаев иеленді. І- орынды Отырар ауданынан Руслан Ақынбеков, екі II – орын Қызылорда облысынан Марат Сүгірбай және Шымкент қаласынан Ербол Халмурзаев ,
үш III – орынды Қазығұрт ауданынан Ғабит Шырынбеков, Нұр- Сұлтан қаласынан Түрікпен Күнсұлу және Батыс Қазақстан облысынан Кенесары Бұлғанбаев иеленді. Байқауға қатысқан аудан әкімі Арман Абдуллаев барша өнер сүйер қауымды, қонақтарды аталған мерекемен құттықтап, сайысқа қатысқан термешілерге алғыс білдірді, жеңімпаздарды марапаттап, сертификат табыс етті.
Қазығұрт ауданы әкімінің баспасөз қызметі