АҚЖАЙЫҚТА10 БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАСЫ САЛЫНУДА

368

Шымкент қаласының «Ақжайық» шағынауданы тұрғындарын биылғы жыл көптеген жағымды жаңалықтар күтуде, әсіресе аумақта 10 балалар ойын алаңшасы салынуда, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілетеме жасаған «ardak.kz» ақпараттық агенттігі.

Биыл қаладағы «Ақжайық» шағынауданында сегіз шақырымды құрайтын 16 көшеге жөндеу жүргізіліп, 3 көшеге кешкі шамдар орнатылады. Бұл туралы қала әкімі Қаратау ауданы тұрғындарымен өткен кездесуде айтылды.

Ақжайықта қазір 4 мыңға жуық тұрғын үй бар. Үйлердің басым бөлігі жеке сектор, 35-і көпқабатты үй. Бүгінде елді мекенде 3 мектеп пен 12 балабақша бар.

Шағынаудан электр жарығы, ауыз су және табиғи газбен толық қамтылған.

Өткен жылы 8 балалар ойын алаңшасы мен 2 спорт алаңшасы салынып, пайдалануға берілген. Биыл 10 спорт алаңшасының құрылысы жүргізілуде.

Ықшам ауданда жалпы 72 көше болса, оның 48-і асфальттанып, 24 көшеге шағал тас төселген. 2022 жылы 16 көше, 2023 жылы №1,2,3,4 және 8,9 көше, Астық, Көкшетау, Зеңгі ата көшелері жөнделеді. Ал, 2024 жылы шағынауданның Айнала, Әулие ата, Торғын және атауы жоқ екі көшеге жөндеу жүргізу жоспарланып отыр.

Бүгінде ауданда 8 көше жарықтандырылған. Биыл Балқарағай, Асфендияров көшесі жарықтанса, 2023 жылы Байсбаев пен Қарасай, 2024 жылы Спанов пен Уали ата көшелеріне кешкі шам орнатылады.

Ал, ауданның Шымкент сити шағын аймағында 9 мыңнан аса халық тұрады. Мұнда 2 мектеп, 4 спорт алаңшасы бар. Ауыз су, электр жарығы, табиғи газбен, интернетпен толық қамтылған.

Көшелердің барлығы асфальтталған. 3 көше жарықтандырылған. Көп қабатты үй аулалары 100 пайыз жарықтандырылған.

Осы жылы 7 алаңшаны абаттандыру жоспарға енгізілген. Бұл жөнінде Қаратау ауданының әкімі Рахымберді Мүлкеманов баяндады.

Тұрғындар үшін №150, 108, 126, 9 бағыттағы қоғамдық автобустар қызмет көрсетеді.